қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2023

Желтоқсан - ұлт тарихының жұлдызды айы

 

2023 жылдың 6 желтоқсанында ҚР Ұлттық кітапхананың конференция залында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Socifl project managment» орталығы «Қаһарман ұлт» жобасының аясында «Желтоқсан - ұлт тарихының жұлдызды айы» тақырыбында қорытынды конференциясын өткізді. Аталған шараға желтоқсаншылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақын-жазушылар және Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Конференция модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Әбжанов болды. Тарих және құқық институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов баяндама жасады. Баяндамашылардың негізгі бағыты жастарды патриоттық рухқа, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында өрбіді. Конференция соңы желтоқсаншыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу