қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2023

«Абай - дара, Абай - дана қазақта» тәрбие сағаты

 

2023 жылдың 7 желтоқсанында Тарих және құқық институты cаясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Н.Б. Манапбаев және Ұ.Қ. Арипжанова «Абай - дара, Абай - дана қазақта» тақырыбында Математика, физика және информатика институтының 3 курс студенттерімен тәрбие сағатын өткізді.

 

Іс-шара ұлы ақын, ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімемен басталды, өлеңдері, қара сөздері мен әндері де орындалды. Ақын өмір сүрген заман мен сол кезеңдегі қазақ халқының жағдайына ерекше назар аударылды.

 

Бұл сабақтың мақсаты - Абай мұрасын, қазақ мәдениетінің жай-күйі мен ағартушылық қажеттілігі туралы терең философиялық толғауларда көрініс тапқан ілімдерін ұғындыру болды. Нәтижесінде студенттер Абай Құнанбаевтың шығармашылығы арқылы сол дәуірдегі қоғамның проблемалары мен рухани-адамгершілік құндылықтарын толық ашып көрсетті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу