қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2023

Абай университетінің студенттері «ТМД-ның үздік студенті» атағына ие болды

 

Абай университетінің студенттері «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үздік студенттер академиясы ұйымдастырған «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық конкурсына қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жазира Қуанышпаева мен оқытушы Айсұлу Хайрулдаеваның жетекшілігімен 4 курс студенттері Кеңес Гүлім мен Сабырғалива Жансая конкурс жеңімпаздары атанды. Студенттерімізді және олардың ұстаздарын білім және ғылым саласындағы жетістіктерімен құттықтаймыз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу