қазақша · русский · english
 
 
 
25.01.2024

Тарих және құқық институтының 3 курс студенттеріне арналған педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы


2024 жылдың 23 қаңтарында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Педагогикалық практиканың ашылу конференциясы» өтті. Конференция 3-курс студенттерінің педагогикалық практика маусымының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға институт директордың ғылым жәніндегі орынбасары Мұхтар Муратказин және профессор-оқытушылар Жұмахан Нұрманбетқызы, Мереке Тулекова, Айгерім Ақын, Руслан Сейтқазиев, Ақайдар Құрманбек және орта мектептен іс-шараға практика жетекшілігін жүргізетін ұстаздар да қатысты. Олар: Қатира Қамысбаева, Гүлжан Рашева, Мая Диханбаева, Айгерім Ауталипова, Ғалымжан Шынасыл.

 

Педагогикалық практика Алматы қаласының №2 ЖББМ, №12 гимназия, №102 ЖББМ, №108 ЖББМ, №123 гимназия, №143 ЖББМ, №202 ЖББМ, №178 лицей, №201, №36 лицей, №39 лицей, №147 ЖББМ,№148 ЖББМ, №35 гимназия білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Конференция барысында практика жұмысының тәртіп қағидалары мен мақсат міндеттері таныстырылды.

 

  alt=  




Кері оралу