қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2024

Түркі дүниесіндегі адал азамат қалыптастыру концепциясының өзекті мәселелері

 

2024 жылдың 8 ақпанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі дүниесіндегі адал азамат қалыптастыру концепциясының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлы және Эгей университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мехмет Акиф Ердогру қатысты.

 

Іс-шараға Абай университетінің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Е.А.Бөрібаев, Тарих және құқық институтының директоры Ғ.Қ.Кенжебаев, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Қ.Симтиков, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары М.М.Мұратқазин, директордың оқу және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов және оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстелде Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу мен Эгей университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мехмет Акиф Эрдогру баяндама жасады.

 

Эврен Мүдеррисоғлы сөз басында Шығыс Түркістаннан Түркияға көшіп барған қазақтар жайында айта келе, қазақ пен түріктің арасындағы достықтың сол кездерден бастап орын алғандығы жөнінде айта келе тарих қойнауынан сыр шертті.

 

Мехмет Акиф Ердогру университет ғалымдарына ризашылығын білдіре отырып, Абай университетімен ынтымақтастық орнатуға қуанышты екенін айтты. Алға қойылған мақсаттар мен бастамалардың нәтижелі болуы үшін ғылыми алаңдарды құруға көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Шетелдік ғалым білім, ғылым және мәдениет салаларындағы жаңа басым әдістермен де бөлісті. Кездесу барысында «Мәдениеттану», «Дінтану» білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығы, жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі, белгілі ғалымдардың қатысуымен халықаралық форумдар, конференциялар мен вебинарлар ұйымдастыру саласындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері қаралды.

 

Дөңгелек үстелге студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтармен бөлісіп, тиісті жауаптарын алып отырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу