Тарих және құқық факультеті |
09.02.2024
Оқушылар ҚР ҰҒА академигі, профессор Ханкелді Әбжановпен кездесті
2024 жылдың 8 ақпанында Абай университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Әбжанов Алматы қаласындағы №198 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен кездесіп қайтты. Ұлттық тарих пен тәрбие мәселелері сөз болды. Кездесу соңында мектеп кітапханасына ғалымның бес томдық шығармалар жинағы табысталды.
Оқушылар әйгілі тұлғалар мен олардың тағдырына қызығушылық танытып, «Бабалар сөзі - тәрбие көзі» тақырыбымен өткен бұл кездесуде ойшылдар мен би-шешендердің мұрасынан үзінділер оқыды. Кездесуге келген ата-аналар да өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, профессор Ханкелді Әбжанов мектеп бітірушілерін Абай университетіне оқуға түсуге шақырып, кәсіби бағдар жұмыстарын да жүргізіп қайтты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|