Тарих және құқық факультеті |
09.02.2024
Құқықтану кафедрасының білім беру бағдарламалары кезекті мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті
Құқықтану кафедрасының білім беру бағдарламалары кезекті мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
«Тәуелсіз Қазақстан Аккредиттеу орталығы»коммерциялық емес мекемесінің Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасының «6В04201-Құқықтану: сот-прокурорлық қызмет», «6В04202-Құқықтану», «7М04201-Құқық» білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
Комиссия құрамында ұлттық және шетелдік сарапшылар, стейкхолдерлер, жұмыс берушілердің өкілдері, түлектер мен білім алушылар болды.
Аккредиттеу шеңберінде сарапшылар кафедраның ПОҚ-мен, студенттермен, магистранттармен, сондай-ақ жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының түлектерімен және серіктестерімен сұхбат жүргізді, практика базаларына барып дәріс және практикалық сабақтарға қатысты.
Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері мен басшыларына алғысын білдіреді!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|