қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2024

«Яссауи мұрасы құндылық» Республикалық ғылыми-практикалық семинар

 

2024 жылдың 14 ақпанында Түркістан қаласының №28 лицейінде «Яссауи мұрасы құндылық» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар Қ.А.Яссауидың туғанына 930 жыл толу мерейтойымен сәйкес ұйымдастырылды. Яссауи мұрасын кеңінен насихаттауға Түркістан қаласының №28 лицейі құндылықтарға негізделген ашық тәрбие сабақтарын көрсетті.

 

Іс-шара барысында Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің профессор-оқытушылары Досай Кенжетай, Мұхит Төлеген, Түркістан қаласының білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, Абай атындағы ҚазақҰПУ Тарих және құқық институтының аға оқытушысы Руслан Сейтқазиев, Қ.А.Яссауи атындағы №123 гимназияның тарих пәні мұғалімдері Айнаш Азербаева, Гулжан Рашева қатысып, баяндама жасады. Ғылыми-практикалық семинар жұмысы жоғары дәрежеде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу