қазақша · русский · english
 
 
 
05.03.2024

Құдайберген Жұбанов - Ұлы дала тұлғасы

 

2024 жылдың 1 наурызы күні Абай университетінің бас оқу ғимаратында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалды музейі мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтыбірлесіп, қазақтан шыққан тұңғыш лингвист-профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Құдайберген Жұбанов - Ұлы дала тұлғасы» атты іс-шарасын өткізді.

 

​Шара Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлының құттықтауымен басталды. Тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы тарихи фактілерді келтіре отырып, көпшілік назарына қызыл қырғынның құрбаны болған Құдайберген Жұбановтың ғалым, өнер, мәдениет саласындағы мол мұрасы туралы мазмұнды, мағыналы баяндамалар жасады. Кештің арнайы қонағы филолгия ғылымдарының кандидаты, Құдайберген Жұбановтың немересі Жұбанова Ардақ Есетқызы да атасы туралы құнды мәліметтермен бөлісіп қана қоймай, сол кезеңдегі Жұбановтар отбасының жүрегіне жара салған тағдыр тауқыметі туралы да айтып берді. Сондай-ақ шара барысында қонақтар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде Құдайберген Жұбановтың өміріне, еңбек жолына қатысты экспозициялар ұсынылады.

 

Кеш барысында сөз тізгіні Тарих және құқықинститутының директоры т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Кенжебаев Ғабит Капезұлында болды. Сонымен қатар Жұбанова Ардақ Есетқызына арнайы сыйлықтар беріліп, гүл шоқтары табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу