қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2024

«Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық» мәдени-танымдық іс-шара

 

2024 жылдың 19 наурызында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Нұрлан Орынбековтің ұйымдастыруымен, «6B01512-Химия-биология» және «6B01513-Биология» мамандығы 2-ші курс студенттерінің қатысуымен Наурыз мейрамына арналған «Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық» мәдени-танымдық іс-шара өтті.


Іс-шараның мақсаты - елімізді татулық пен берекеге баулитын, ұлттық бірегейлігімізді сақтайтын, ерекше мерекемізді насихаттап, салт-дәстүрімізді көрсету. Іс-шара барысында қыздар әшекей бұйымдарын тағып, тақия, шекеліктерін киіп, ел назарын өздеріне аударып, сөзсіз тамсанатын көрініске ие болды. Ең бастысы еліміздің мәдени құндылығын бағалау арқылы ұлы дала өркениетінің негізі болатын ұлттық мәдени мұрамызды сақтап, насихаттау, өскелең ұрпақтың алдындағы негізгі міндет болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу