қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2024

Aбай университетінің ғалымы Еуразия тарихы бойынша халықаралық конференцияға қатысты

 

2024 жылдың 29 наурызы мен 2 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы» кафедрасының меңгерушісі Н.Ә.Атығаев Қазан қаласында (РФ) өткен «Дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениеті: дәстүрлер мен өзара іс-қимыл» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Татарстан Республикасы Ғылым академиясы мен Дала Еуразиясын зерттеу Халықаралық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған конференция жұмысына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Болгария, Түркия, Беларусь және Румынияның ғылыми және білім беру орталықтарының 130-дан астам жетекші ғалымдары қатысты. Іс-шара аясында бірнеше дөңгелек үстел өтті, онда Еуразия тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері талқыланды. Н.А.Атығаев «Еуразиялық дала империялары: терминология және шындық» дөңгелек үстелінде «XVI ғасырдағы қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыбында баяндама жасады.

 

Конференция Татарстан Республикасы Ғылым академиясының қолдауының арқасында жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар атап өткендей, әртүрлі елдер ғалымдарының осындай ауқымды деңгейдегі кездесуі - халықаралық зерттеулердің одан әрі дамуына, дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде халықаралық және өңіраралық зерттеулер құруға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге, Еуразия континентінің халықтары мен мемлекеттерін жан-жақты және объективті зерттеуге ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу