қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

Сыбайлас жемқорлық: Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер

 

2024 жылдың 12 сәуірінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, студенттердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту, жастар арасында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Адал ұрпақ» жобасы аясында пікір алмасу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

«Сыбайлас жемқорлық: Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер» тақырыбындағы дөңгелек үстел сарапшыларды, қоғамдық ұйымдардың белсенділерін, сондай-ақ білім беру саласының өкілдерін жинады. Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды: білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты ағымдағы жағдайды талдау, сыбайлас жемқорлықтың білім сапасы мен ұлттық қауіпсіздікке әсері.

 

Іс-шарада білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық әдістері талқыланды.

 

Дөңгелек үстел білім беру жүйесін нығайту арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қоғамдық сана мен практикалық тетіктерді құру бағытындағы маңызды қадам болды.

 

  alt=  




Кері оралу