қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2024

Құқықтану» мамандығының «Заңгер» клубы «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» атанды

 

2024 жылдың 12 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым декадасының іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес университеттің Жас зерттеушілер кеңесінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» конкурсы өтті.

 

Студенттер әртүрлі тапсырмалар бойынша бақ сынасты: презентация, видеоролик немесе аралас форматтағы таныстырылым, викториналық сұрақтар, ұйым мүшелерінің жарияланымдары арқылы ғылыми ізденімпаздықтарын анықтау. Конкурстың мақсаты - университеттің ең үздік студенттік ғылыми ұйымын анықтау арқылы зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттерді ынталандыру. Ғылыми сайыс қызықты да тартысты өтті: қазылар алқасының мүшелері сұрақтар қойып, студенттер оларға жауап берді.

 

Конкурс қорытындысы бойынша «Құқықтану» мамандығының «Заңгер» клубы жүлделі І орынды иеленіп, 30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Клубтың жетекшісі Г.Б. Мейірбековаға алғыс хат табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу