қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2017

 

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН -ЕЛБАСЫ!


Тарих және құқық институтының Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Алия Қасымбек және Гакку Рахимованың ұйымдастыруымен «5В030100-Құқықтану» және «5В011500-Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-курс студенттерінің арасында 2017 жылдың 30 қарашасында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН - ЕЛБАСЫ» атты  ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, студент жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге үйрету.

 

Тәрбие сағаты барысында студенттер баяндама жасап, Елбасына өз жүректерінен шыққан өлең шумақтарын арнап, күмбірлеген қүйлері мен әннен шашу шашты. Студенттерге Елбасының атқарған ерен еңбегі мен Президенттік институттың қызметі жөнінде түрлі сауалдар жолданып,  жауаптар алынды. Шараға қатысқан Тарих және құқық иститутының тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Мұхтар Мұратқазыұлы сөз сөйлеп, студенттер мен оқытушыларға алғыс білдірді. Студенттерге 1-желтоқсан  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген -Елбасы» атты тәрбие сағатына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.          

 

  

 

  




Кері оралу