Тарих және құқық факультеті |
16.08.2024
Абай университетінің профессоры Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумының жұмысына қатысты Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумы өтті. «Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалог» тақырыбындағы форум жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстанның 70-ке жуық жетекші тарихшылары мен жас ғалымдар қатысты. Қазақстан тарапынан қатысқан ғалымдардың бірі - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық факультетінің ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Н.Ә. Атығаев.
Форум жұмысын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры және Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресінің төрағасы Е.Б. Сыдықов құттықтау сөзбен ашты. Форумның пленарлық мәжілісінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ҚР Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Орталық Азия мемлекеттері тарихшы ғалымдары алдында тұрған маңызды міндеттер туралы баяндамалар жасады.
Пленарлық мәжілістен соң ғалымдар үш панельдік сессияда Орталық Азияның қазіргі тарихындағы тенденциялар, ежелгі дәуірден Тәуелсіздікке дейінгі Орталық Азияның тарихы мен мәдениетіне синхронды көзқарасты қалыптастырудың өзекті мәселелері тәрізді өзекті мәселелерді талқылады. Форумға қатысқан Орталық Азия мемлекеттері тарихшылары қазақстандық әріптестері ұсынған өңірдің ортақ тарихын бірлесіп жазу идеясына бірауыздан қолдады. Осыған байланысты Форум қаулысы қабылданып, ғалымдар өңір халқы мен мемлекетерінің болашағы жолында ынтымақтаса жұмыс жасауға ниет білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|