қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2024

Workshop - академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ақпараттық кездесу


2024 жылдың 29 қарашасында Тарих және құқық факультетінде «Студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері» тақырыбында Workshop өтті.

 

Студенттерге арналған бұл ақпараттық кездесуге университеттің халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкері А.С. Усимбекова, Тарих және құқық факультеті деканының ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары PhD А.О.Қасымбек және академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шет елдік серіктес университеттерде бір семестр білім алып келген, Work and Ttravel бағдарламасымен АҚШ-та болған факультет студенттері қатысып воркшоптың тыңдармандарына академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу ережелері, тұрақты шетелдік серіктес университеттер жайлы, тіл үйрену мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі таныстырылым жасады.


Сондай-ақ, қазіргі уақытта Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте (Польша) академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан «Мәдениеттану» және «Саясаттану» мамандығының 3 курс студентері ZOOM платформасы арқылы онлайн байланысқа шығып өз тәжірибелерімен, ол жақтың білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті, ал қатысушылар өздерін қызықтырған ең өзекті сұрақтарға жауап алды.


Бұл кездесудің студенттер үшін пайдалы болғаны, оларды академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға деген қызығушылықтарын тудырып шабыттандырғаны сөзсіз.

 

 alt=  

 

 alt=  

 

 alt=  




Кері оралу