қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2024

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының екінші легі аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих және Құқық факультеті дүниежүзі тарихы кафедрасының 2-курс докторанты Ляззат Момунтаева республикалық кадр резервіне енді.


Жобаның бастапқы кезеңінде 13796 өтінім берілген. Іріктеу 5 кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзіреттерді бағалау, оқу және еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер республикалық кадр резервіне енді.


Сонымен қатар 376 кадр резервінің ішінде іріктеу барысындағы белсенділігі үшін Ляззат Момунтаева оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

 

  alt=  

 




Кері оралу