
Тарих және құқық факультеті |
11.11.2025
«Буллинг және оны мектеп ортасында алдын алу»
2025 жылғы 11 қараша күні педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Саудабаева Гүлмира Сауытжанқызының жетекшілігімен екінші курс студенттерінің педагогикалық практикасы аясында «Буллинг және оны мектеп ортасында алдын алу» тақырыбында коучинг өтті. Іс-шара орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рузавин Артём Анатольевичтің қатысуымен және Іле ауданы Боралдай кентіндегі №17 орта мектептің қолдауымен ұйымдастырылды. Коучинг барысында студенттер 7 «В» сынып оқушыларымен танысып,буллингті анықтау мен оның алдын алу бойынша практикалық жұмыстар жүргізді. Кездесу кезінде қатысушылар шынайы мектеп жағдайларына негізделген бейнероликтерді қарап, қиын оқушыларға қатысты кейстерді талдап, агрессорлар, жәбірленушілер мен куәгерлердің мінез-құлқын талқылады. Негізгі назар буллингтің алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау және қиын жағдайға тап болған оқушыларға педагогикалық тұрғыдан тиімді қолдау көрсету әдістеріне аударылды. Студенттер аталған кездесу оларға буллингтің пайда болу тетіктерін тереңірек түсінуге және болашақ педагогикалық қызметтерінде қолдануға болатын алдын алу тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік бергенін атап өтті. Коучинг интерактивті форматта өтті: болашақ мұғалімдер белсенді пікір алмасып, ойларын ортаға салып, өз әсерлерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар студенттердің педагогикалық эмпатиясын қалыптастырып, бақылау,талдау және эмоционалды қолдау көрсету дағдыларын дамытады,бұл мектеп ұжымында қауіпсіз әрі сенімді ахуал орнатуға мүмкіндік береді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|