қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2025


Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас зерттеушілерге арналған ғылыми вебинар


2025 жылғы 28 қарашада ҚР ҒЖБМ «Жас ғалым грантына өтінім берген кезде қандай қателіктерден аулақ болу керек? (Гуманитарлық бағыттағы жас зерттеушілерге арналған)» атты вебинар өтті. Тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-зерттеушісі Теңлік Токтарбекқызы Далаева баяндамажасады. Ғылыми вебинардың мақсаты - гуманитарлық бағыттағы жас зерттеушілердің ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруына сапалы өтінім дайындау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру, дұрыс конкурс түрін таңдау және күтілетін нәтижелерді сауатты негіздеу бойынша түсінік беру болды.Жеке назар гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар үшін технологиялардың дайындық деңгейін айқындау әдістемесіне арналды. Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған конкурстар үшін технологиялардың дайындық деңгейін дұрыс белгілеу бойынша ұсыныстар берілді.Абай атындағы ҚазҰПУ жас зерттеушілері вебинарға үлкен қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.

 





  alt=   


    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу