қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2025

28 қарашада ҚР ҒЖБМ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінде Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен ХХ ғасыр басындағы қазақзиялылары көшбасшыларының бірі, мемлекет, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Смағұл Сәдуақасов: уақыт және мұра» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды іс-шараға Қазақстаннан және шетелден келген ғалымдар, университет профессорлары, оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысып, Смағұл Сәдуақасовтың өмір жолдары, мемлекеттік қызметі, шығармашылығы жайында баяндамалар тыңдалды. Конференция жұмысын университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Тілеп Болат Анапиялы жүргізіп отырды. Белгіліғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері М.Қ. Қойгелдиев пен Х.М. Әбжановтар қайраткердің кеңестік билікке айтқан сыны мен оның бүгінгі өзектілігі, болашаққа қатысты ойларын талдауға алса, Қырғызстан ғалымы Ж.С. Ботанаев пен Ферғана университетінен келген Р.Х. Акбаров, Қазан федеральдық университетінің доценті Ч.Х. Саматова С. Сәдуақасовтың тұсындағы болған саяси қуғын-сүргін мәселелерін қозғады. Ғалымдар А.С. Ісмақова, Б. Қойшыбай, С. Мәлікова, М.Б. Мұсабаев және т.б. С. Сәдуақасовтың ағарту, баспасөз салаларындағы қызметімен қоса, еңбектері жайында, 30 жылдарда кеңестік баяндап өтті. Секциялар жұмысына қатысқан ғалымдар, докторанттар мен магистранттар да С. Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси, шығармашылық қырларына қатысты ой толғады.




  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

 




Кері оралу