
Тарих және құқық факультеті |
28.11.2025
2025 жылдың 28 қарашада Қазақстан Республикы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары көшбасшыларының бірі, мемлекет, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Смағұл Сәдуақасов: уақыт және мұра» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық факультетінің 2-курс докторанттары Нұрыллаұлы Шыңғысхан «Тарих пәнінен жобалық оқытудың әдістемелік моделі «(Үлкен террор)» тақырыбы мысалында», ал Дүйсенбайқызы Айтолқын «ХХ ғ. Қазақстандағы жоғары педагогикалық мектептің қалыптасуы: ХХ–ХХІ ғғ. тарих пәні мұғалімдерін даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында «Қоғамдық ғылымдардағы заманауи зерттеулер мен оқытудың өзекті мәселелері» секциясында баяндама жасады. Конференция жұмысына Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің тарихшы-ғалымдары қатысып, еліміздің тарихына қатысты құнды баяндамалар жасады.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|