қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2018

«Бүгінгі тарихшы студент-ертеңгі кәсіби маман»

 

2018 жылдың 19-20 сәуірінде Абая атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтында «5В020300-Тарих» мамандығы бойынша олимпиада өтті.


Республикалық пәндік олимпиадасына 7 команда қатысты, оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен «Жерұйық», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «Эверест», Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінен(ХҚТУ) «Яссы»; Алматы Университетінен «Жетісу қырандары»; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен «Талхиз»; Сулейман Демирель Университеті; Шет тілдер және іскерлік карьера университеті «Билер ордасы» командасы.

 

Олимпиада жұмысының бағдарламасы 3 тур бойынша өтті. 1 тур - Таныстыру және ғылыми жобаны қорғау. Тақырыбы: «Тарихы сырға толы-туған өлке» («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қабылданған «Туған өлке» бағдарламасы негізінде). 2 тур - «Бүгінгі тарихшы студент-ертеңгі кәсіби маман» ГОСО-ның міндетті пәндері бойынша тестілеу. 3 тур - «Абай атындағы ҚазҰПУ- алғашқы білім ордасы» интеллектуалды тур болды.


Интеллектуалды тур үш бөлімнен тұрды, Олар: Суреттер сөйлейді «Тарихи тұлғалар», мәтіннің (қанатты сөздердің) авторларын табу, тарих факультетінің түлектері мен ардагер ұстаз-ғалымдар туралы сұрақтар берілді. Осы инттелектуалды тур бойынша командалар Абай атындағы ҚазҰПУ туралы видео даярлап, өз университтері мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы қарым-қатынас, университет түлектері туралы деректерді қолданды және 90 жылдық мерейтой алдындағы университтерінің құттықтаулары туралы пікірлерін берді.


Олимпиада өте тартымды ды қызықты өтті. Тарихи деректер мен тарихи тұлғалар туралы тартымды пікір сайысы болды. Олимпиада қорытындысы бойынша командалық 3 орын берілді.

 

1 орын алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінен (ХҚТУ) «Яссы» командасы. 2 орын алғандар: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен «Талхиз» және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «Эверест» командалары. 3 орын: Сулейман Демирель Университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті «Билер ордасы», Алматы Университетінен «Жетісу қырандары», Сулейман Демирель Университеті «Замана» командалары алды.


Жалпы олимпиада тартымды болды, ғылыми тарих бойынша студенттердің білім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.

 

       

 

       

 

       

 

      




Кері оралу