қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2018

«Дені сау ұрпақ - ел болашағы» спартакиадасы

 

2018 жылдың 1 желтоқсанында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған білім алушылар арасында Жалпыуниверситеттік «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» спорттық спартакиадасы өтті. Университетіміздің спорт залында өткен жарыс бағдарламасында: шахмат, мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тартыс, қол күресі бойынша спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Дәстүрлі спорттық шараға университет қабырғасындағы барлық институттардың білім алушылары құрамынан жасақталған команда мүшелері спорттық ойындардың барлық түрлеріне белсене қатысты. «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» спартакиадасы 6 спорт түрінен дәстүрлі институтаралық ойындар жарысы жоғары деңгейді өтті.

 

Институт құрама командаларына тиісті дәрежедегі дипломдар мен естелік кубогы табыс етілді. Әр спорт түрі бойынша командалар ең көп ұпай саны бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынды - Жаратылыстану және география институты, екінші орынды - Тарих және құқық институты, үшінші орынды - Өнер, мәдениет және спорт институтының білім алушылары иеленді.

Спартакиада нәтижесі сәтті аяқталып, университет білім алушыларының спортқа деген қызғушылықтарын арттырып, бірлікті нығайта түсті.

 

   

 

   




Кері оралу