қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2018

«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы аясындағы заманауи ғылым мен білімнің өзекті мәселелері»

 

2018 жылдың 8 желтоқсанында Д.Қонаев атындағы университетінде «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы аясындағы заманауи ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.


Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Тарих және құқық институты «Құқықтану» мамандығының студенттері белсенді қатысты.


Іс-шара қорытындысы бойынша Мұрат Маулен (аға оқытушы Гакку Рахимова жетекшілігімен) және Мұнара Кітапбай (аға оқытушысы Гүлайна Османова жетекшілігімен) 2-ші орынды, ал Нұрбол Ержан (аға оқытушы Айгүл Бижанова жетекшілігімен) 3-ші орынды иеленді. Бірнеше студент сертификат алды.

 

  




Кері оралу