қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2018

Тарихқа жаңаша көзқарас

 

2018 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен ҚР БҒМ Мемлекеттік тарих институтының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: тарихи сананың қалыптасуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференцияға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, отандық БАҚ өкілдері, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркия, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен белгілі ғалымдар қатысты. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астанадан және Алматы қаласынан жетекші ресейлік ғалымдар белсене қатысты.

 

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов қатысып, баяндама жасады. Мемлекет тарихы институтының 10 жылдық мерейтойымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректоры Такир Балықбаевтың құттықтау хатын және мерекелік кәдесыйларын табыстады.


Конференция қатысушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламалық мақаласында тарихи сананың жаңару идеясының өзектілігін және ішкі құндылығын атап өтті, Тәуелсіздік тарихындағы құнды дерек көздері ретінде Мемлекет басшысының саяси және тарихи тақырыптар бойынша 20-дан астам еңбектерінің маңыздылығын атап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының ерекше рөлін атап өтті.

 

   

 

   

 

   

 

 

 

 




Кері оралу