қазақша · русский · english
 
 
 
22.01.2019

Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту


17 қаңтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тарих және құқық институтының білім алушылары үшін семинар өткізіліп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даладағы жеті қыры» мақаласының негізгі ұстанымдары бойынша маңызды және өзекті мәселелер талқыланды.


Семинардың өткізілуі Н.А. Альтекова (модератор) жетекшілік ететін «Достық үйі» Республикалық медиация (дауларды шешудің балама технологияларының бірі) кеңсесінің бастамасы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика» кафедрасының профессоры Г.С. Саудабаева және Тарих және құқық институтының директоратының ұйымдастыруымен өткізілді.


Семинарда сөйлегендер: «Педагогика» кафедрасының профессоры Саудабаева Г.С («Уақыт пен кеңістік тоғысқандағы ұлт тарихы»); Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі профессор Кан Г.В. («ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық еңбегі - тарихи сананың дамуындағы жаңа кезеңі»); аталған кафедраның ғылыми қызметкері, профессор Батталханов Б.З. (Елбасы Н.А. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы); ҚР Прокуратура қызметінің ардагері, әділет кеңесшісі Садибаев С.А.( 2019 жыл жастар жылы).

 

   

 

   

 




Кері оралу