қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2019

Орнықты даму және инновация бойынша екінші Орталық Азия форумы

 

Ағымдағы жылдың 4-5 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, жас докторанттары, Ұлыбританияның Қазақстандағы PhD-докторанттар қауымдастығының мүшелері және Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған екінші Орта Азиялық форумы өтті.

 

Форумның мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына бағытталған қазақстандық және Ұлыбританиядағы қазақстандық ғалымдардың жобаларына мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардан әлеуетті серіктестерді тарту үшін платформа беру. Сондай-ақ, форум Қазақстан мен Британ университеттері арасындағы институционалдық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

 

Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының жас ғалымдары, 2-курс докторанты Руслан Сейтказиев, 1-курс магистранты Динара Асанова және Нұрым Нұрғалиев қатысты. Сессия барысында Нұрым Нұрғалиевтің «Хип-хоп педагогикасы» баяндамасы ұсынылды.

 

Форум барысында Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD-докторанттар қауымдастығының президенті Әлия Сембаева және PhD Халида Ажигулова өз пікірлерімен бөлісті, форумның бастамашыларымен іскерлік қарым-қатынас орнатылды. Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының жетекшісі Норимас Шимомурмен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

 

   

 

   

 

  

 

 

 




Кері оралу