қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2019

«Tarihqa sayahat» тарихи клубтың

ашық отырысы


5 сәуірде «Ғылым декадасы-2019» аясында «Tarihqa sayahat» клубының ашық отырысы өтті. Бакалавриат «5В011400 - Тарих» мамандығының студенттері және академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары «Public history» методологиясы арқылы режиссер Рүстем Әбдіраштың Ильяс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының мотиві бойынша түсірілген «Qazaq Handyg`y. Altyn taq» - «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін талқылады.

 

Клуб аясында студенттер тарихи зерттеулердің замануи бағыттарымен танысады, баяндамалар жасайды. Ашық отырыста «Латын әліпбиіне өту. Жағымды және жағымсыз аспектілері» (Руслан Айткужин және Балгынбек Аралов, 1 курс), «Испан тілі. Неге әлемнің жартысы сөйлейді?» (Молчанова Наталья, 2 курс) тақырыптарында баяндамалар жасалды. Клуб жетекшісі т.ғ.к., доцент Теңлік Далаева және үйлестіруші оқытушы Светлана Белоус түсініктемелер берді. Умирниса Каримбаева және Дидар Досжанов клубтың белсенді мүшелері болып табылады.

 

   

 

  




Кері оралу