Ұстаздар -ұлы тұлғалар!
2019 жылдың 4 қазанында Тарих және құқық институтында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздар-ұлы тұлғалар» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында білім алушылар таңғы 7-ден бастап жұмысқа келген ұстаздарды гүл шоқтарымен қарсы алып, ізгі тілектерін білдірді. Институттың өнерлі студенттері күмбірлете күй тартып, би биледі.
Ұстаздарға арналған мерекелік шара оқу ғимаратының 601-дәрісханасында профессор Г.Саудабаеваның топ студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласып, білім алушылар арасындағы ақын студенттер шығарған өлең жолдарын институттың профессор-оқытушыларына арнады.
Білім алушылар тарапынан ұйымдастырылған мерекелік шараға институттың профессор-оқытушылары ризашылықтарын білдірді.
Директорат атынан білім алушыларға алғыс айтамыз.



