қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2019

Қарттарым-асыл қазынам

 

2019 жылдың 3 қазанында Тарих және құқық институтының белсенді студенттері қарттар үйіне барып, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында концерттік бағдарлама көрсетіп, қарттарға барынша көңіл-күй сыйлап, өз сыйлықтарын табыстады. Студенттер қауымдастығының төрайымы Надира Досатова шара аясында институт білім алушылары атынан өзінің ізгі тілегін айтып, әсем ән мен жыр шумақтарын арнады.


Бұл шараның мақсаты - аға буынға құрмет көрсету, олардың өнегелі жолын жас ұрпаққа насихаттау, оларды инабаттылыққа, адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Ақылдың кенін арқалаған дана қарияларымыздың, ақжаулықты аналарымыздың жастары ұлғайса да, жүректері мен жүздеріне әжім түспесін деп тілейміз! Біз, яғни, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иіп, тағзым етеміз!

 

   

 

   

 

   




Кері оралу