қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2019

Шаруа қожалығының басшысы кәсіпкерлік негіздері туралы дәріс оқыды


2019 жылдың 22 қазан күні Тарих және құқық институты, «Құқықтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Атамекен» ҰКП бастамасымен жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық-құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ұлан» шаруа қожалығының директоры Азамат Қонақбаев институтта «Қонақ дәріс» өткізді. Шақырылған қонақ «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша дәріс оқыды, шаруашылығының құрылуы мен қалыптасуы, проблемалары мен жетістіктері, болашақ жоспарлар туралы айтты.


Іс-шараның мақсаты - жастар арасындағы іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған кәсіпкерлік дағдыларды, экономикалық және құқықтық сауаттылықты дамытудың жаңа құзыреттерін қалыптастыру. «Қонақ дәрісін» доцент Жазылбек Л.И. және доктор PhD Е.Н. Несіпбеков жүргізді. Біздің университеттің студенттерінен басқа, 6М011500- Құқық және экономика негіздері» мамандығына Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінен ғылыми тағылымдама бойынша келген магистранттарға кәсіпкерлікке қатысты көптеген ақпараттар береді.

 

   




Кері оралу