қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2019

«Орта мектепте «Қазақстан тарихы» пәнін жаңартылған білім мазмұны негізінде оқыту әдістемесі» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар

 

2019 жылы 20 қарашада Әлем тарихы кафедрасының профессоры Жұмахан Нұрманбетқызының «Орта мектепте «Қазақстан тарихы» пәнін жаңартылған білім мазмұны негізінде оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинарға Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Ермұқанов Еркін және кафедра оқытушылары мен магистранттары қатысты.


Семинар барысында құзыреттілік тәсіліне негізделуге тиісті жаңа оқыту бағдарламалары талқыланды. Яғни, табысты әлеуметтену үшін қажетті функционалдық сауаттылық негізінде білім қалыптастырудың жолдары көрсетілді. Оқытудың жаңа стандарттары студенттерге «Қазақстан тарихы» пәнінің тақырыптарын «қолдануға», «талдау жасауға», «синтездеуге» және «бағалауға» мүмкіндік берді. Білім беру стандартының жаңалықтары, оқу жоспарының мазмұны, бағалау үлгісі және оқу материалдарын жаңарту сияқты тың мәселелер ортаға салынып, қатысушылар арасында қызу талқыланды.


Қатысушылар күтілетін нәтижелердің нақты тұжырымдамасы студенттердің оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік туғызып, оқушылардың оқу үрдісінде дағдыларын дамытуға және білім беру процесінің сапасын арттыруға ынталандыра түседі деген сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу