Тарих және құқық факультеті |
29.11.2019
«Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тәрбие сағаты өтті
2019 жылдың 28 қараша күні Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының доценті Ершат Бопабаев пен аға оқытушы Гакку Рахимованың ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне арнап «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағатында ән-жырлар шырқалып, студенттер өздері дайындаған ақпараттармен бөлісті. Аталған шараға Тарих және құқық институты директорының орынбасары Нұрболат Манапбаев, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев және басқа да оқытушылар қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|