қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2021

Ішкі академиялық ұтқырлық аясында профессор-оқытушылар құрамының онлайн форматтағы дәрістері


2021 жылдың 25-29 қазан аралығында Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебі мен Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім кафедрасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде, Абай университетінің Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Лора Нарикбаева Павлодар университетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына «Музыкалық білім берудегі ақпараттық технологиялар» курсы бойынша дәрістер оқыды.

 

Профессор Лора Нарикбаеваның дәрістік сабақтарына Музыкалық білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың теориялық сұрақтар мен авторлық тәсілдері ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларымен және студенттермен музыкалық сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін музыкалық-цифрлық бағдарламалар мен қосымшаларды практикалық игеру кірді.

 

Тыңдаушылар профессор Лора Нарикбаеваның онлайн-дәрістері мен практикалық сабақтары материалдарының құндылығын атап өтіп, академиялық ұтқырлық аясында Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінде осы курс бойынша күндізгі (офлайн) форматында сабақтар өткізуге шақырды.

 

    alt=    

 

   




Кері оралу