қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының халықаралық қызметі музыкалық білім беру саласындағы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара байланысты тереңдетуге бағытталған даму стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы стратегиялық бағыт шеңберінде әлемдік деңгейде тәжірибе алмасуға және білім беру бағдарламаларын дамытуға ұмтылысты көрсететін бірнеше оқу орындарымен сәтті шарттар жасалды.

 

Вильнюс қаласындағы Литва Эдукологиялық университетімен ынтымақтастық, музыкалық білім беру саласындағы өзара байланысты тереңдетуге, сондай-ақ, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру үшін платформа құруға бағытталған ынтымақтастық шартымен белгіленеді. Негізгі аспект-студенттік және оқытушылық тәжірибені қолдауға бағытталған білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу болып табылады.

 

Түркиядағы Мармара университетімен серіктестік орнату мақсатында ынтымақтастық туралы шарт жасалынған. Құжатта, музыкалық білім беруді дамытуға және екі ел университеттері арасында академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған. Сондай ақ, бірлескен ғылыми жобалар мен іс-шаралар атқаруда, кәсіби және шығармашылық дамуға кең мүмкіндіктер береді.

 

Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетімен жасалған шарт бойынша, кафедраның стратегиялық серіктесі болып табылады. Ынтымақтастық барысы, кафедра докторантарына жетекшілік етуді және музыкалық білім саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған бірлескен ғылыми жобаларды іске-асыру қамтиды.

 

Қытайдағы Ханьшань педагогикалық университетімен жасалған келісім шарт, білім беру және ғылыми-техникалық өзара байланыс мәселелеріндегі ынтымақтастық шеңберін қамтиды. Бұл келісімде тәжірибе алмасу және заманауи талаптарға сәйкес келетін инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін бірегей мүмкіндіктер ашу және жүзеге асыру болып табылады.

 

Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен, атап айтқанда ЮНЕСКО кафедрасымен ынтымақтастық жолында келісім-шарт жасалынған. Бұл ынтымақтастық осы саладағы жетекші мамандармен және сарапшылармен бірлесіп музыка саласы бойынша ұлттық-өңірлік бағдарламаны бірлесе әзірлеуге бағытталған.

 

Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы шартта, музыкалық білім кафедрасының шығармашылық әлеуетін дамытуды, халықаралық жобаларды бірлесе әзірлеуді, академиялық ұтқырлықты және қос дипломды білім беру бағдарламалары мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтиды.

 

Қытай орталық ұлттық университетімен (Meizu University of CHINA) белгіленген ынтымақтастық, музыкалық білім саласын дамытуға бағытталған. Шартта докторанттардың тағылымдамадан өтуін, халықаралық жобаларды және академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруды көздейді, бұл музыкалық педагогика саласында білім мен тәжірибе алмасуға кеңінен ықпал етеді.