қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының 76-шы ғылыми конференциясы

 

2021 жылдың 18-19 қарашасында Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында студенттер мен магистранттардың 76-шы университетішілік ғылыми конференциясы өтті. «Музыкалық білім және хореография» секциясының төрағасы және модераторы - профессор Лора Нәрікбаева, секция хатшысы - «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Нұрмағанбет Шапағат.

 

Конференцияға 21 студент және 5 магистрант қатысты. Зерттеу жұмыстары мен ұжымдық жобалар тақырыптары бойынша 18 баяндама тыңдалды, оның ішінде: 8 баяндама - «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының студенттері, әрқайсысынан бес - «Хореография» ББ студенттері мен магистранттары, «Музыкалық білім» ББ - 4, «Хореография» - 1 баяндама. Ұсынылған тақырыптар әртүрлі, қызықты және музыкалық-хореографиялық білім беру үшін өзекті болды.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының шешімімен келесі жүлделі орындар анықталды:

«Музыкалық білім беру» ББ бойынша

I дәрежелі Диплом: Тақырып: «Ғылыми әдебиеттегі музыкалық дарындылықты диагностикалау әдістері», авторы: Қайса Жасмин, Куздікбай Айгерім, Юсупахметова Зубайра, 4(4) курс студенттері, «5В010600-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: Нарикбаева Л.М., п.ғ.д., профессор.

II дәрежелі Диплом: Тақырып: «Абайдың шығармалары негізінде оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу», авторы: Асылбек Аяжан, Көшербай Жадыра, Сапархан Динара, 1(3) курс студенттері, «6В014-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: Балагазова С.Т., п.ғ.к., қауым.профессор.

III дәрежелі Диплом: 1. Тақырып: «Бастауыш сыныптардың музыка сабағындағы пәнаралық байланыстардың маңыздылығы», авторы: Назар Айнур, 3(4) курс студенттері, «6В014-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: Балагазова С.Т., п.ғ.к., қауым.профессор. 2. Тақырып: «Тұрмыс-салт жырлары арқылы оқушылардың ұлтжандылық сезімін қалыптастыру», авторы: Серғазина Назерке, Сырым Нұрқуат, Слямғалиев Дәуірбек, 4 (4) курс студенттері, «5В010600-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: Мустафаев Е.Ж., қауым.профессор.

 

«Хореография» ББ бойынша

I дәрежелі Диплом: Тақырып: «Қазақ биін оқытудағы АйгүльТәтидің жаңа шылдықтары», авторы: Чабданова Айгерим, 2 курс студенті, «6В02109 хореография». Ғылыми жетекшісі: магистр Батырханова Д.С.

II дәрежелі Диплом: 1) Тақырып: «Шығармашылық кәсіптердің адамға әсерін зерттеу», авторы: Индершиева Мадина, 1 курс студенті, «6В02109 хореография». Ғылыми жетекшісі: оқытушы Косикова Ш.Б. 2) Тақырып: «Эдгар Дега шығармашылығындағы балет өнері», авторы: Суйбаева Майгуль, 2 курс студенті, «6В02109 хореография». Ғылыми жетекшісі: магистр Бекетаева Б.М.

III дәрежелі Диплом: Тақырып: «Классикалық би үлгісінде хореографияны бастапқы кезеңдерде зерттеудегі педагогикалық тәсілдер», авторы: Удовченко А., 2 курс студенті, «6В02109 хореография». Ғылыми жетекшісі: аға оқытушысы Клышбаев Т.Ж.

 

Магистратура бойынша


I дәрежелі Диплом: Тақырып: «Білім берудегі музыкалық терапия технологиялары», авторы: Молдрахым Ақерке, 2-ші курс магистранты, «7М01402-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: профессор Нарикбаева Л.М.

 

II дәрежелі Диплом: 1) Тақырып: «Жалпы білім беретін мектептер бағдарламасындағы дәстүрлі музыка өнері (тарихи контексте)», авторы: Мақабілқызы Аяулым, 1-ші курс магистранты, «7М01402 - Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Мобек Ә.Ә. 2) Тақырып: «Аспаптық орындау оқушылардың көркемдік-шығармашылық қызметінің түрі ретінде», авторы: Жилкибаева Малика, 2-ші курс магистранты, «7М01402-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: профессор м.а. Ибраева К.Е.

 

III дәрежелі Диплом: 1) Тақырып: «Болашақ музыка мұғалімінің танымдық қызығушылығын домбра күйлері арқылы дамыту», авторы: Абденова Гүлсана, 2-ші курс магистранты, «7М01402-Музыкалық білім». Ғылыми жетекшісі: профессор м.а. Какимова Л.Ш. 2) Тақырып: «Мәдени-көпшілік би іс-әрекеттері», авторы: Ғалымжанов Айдар, 1-ші курс магистранты, «7М02109-Хореография». Ғылыми жетекшісі: қаум.проф. м.а. Құмаржанов А.М.

 

Жүлделі орындарға ие болған студенттер дипломдармен марапатталып, студенттер мен магистранттардың Республикалық ғылыми жұмыстары байқауының II кезеңіне қатысуға ұсынылатын болады. Олардың барлығы сертификаттармен, ғылыми жетекшілері - алғыс хаттармен марапатталмақ.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу