қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2022

Магистранттардың Абай университетіндегі тағылымдамасы


2022 жылдың 14-25 ақпан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләловтің бұйрығына сәйкес Павлодар педагогикалық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ ұлттық өнер университеті және Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттердің магистранттары Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім және хореография кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама барысында магистранттар музыкалық білім кафедрасының профессорлары К.Е.Ибраева, С.Т Балагазованың музыкалық білім берудің өзекті мәселелеріне, музыка мұғалімін кәсіби даярлаудағы заманауи тенденцияларға, музыка сабағының жаңартылған мазмұнына арналған дәрістерін тыңдады. Сонымен қатар, магистранттар университеттің Ғылыми кітапханасының электронды ресурстарымен жұмыс жасап, «Ғылыми материалдарды тиімді іздеу жолдары» тақырыбындағы онлайн семинар-тренингке қатысты. Тағылымдама аяқталған мерзімде магистранттарға Абай университетінде ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар берілді.

 

   

 

   




Кері оралу