қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2022

«Қазіргі кезеңдегі артбілім: жағдайы, тенденциялары және перспективалары» халықаралық семинары

 

2022 жылдың 11 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін/педагогтарды даярлау (Музыкалық білім, Көркем білім) Оқу-әдістемелік бірлестігі «Қазіргі кезеңдегі артбілім: жағдайы, тенденциялары және перспективалары» атты Халықаралық оқу-әдістемелік семинарын өткізді. Іс шараға Қазақстан, Түркия, Финляндияның белгілі ғалымдар, педагог-сарапшылар қатысты.

 

Семинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық мәселелер бойынша проректоры М.А.Бектемесов алғы сөз сөйледі.

 

Іс-шара бағдарламасында көркем білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, әлеуметтік-мәдени интеграция парадигмасындағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, педагог-музыканттың киберәлеуметтену мәселесі, сондай-ақ Түркиядағы академиялық көркем білім берудің қазіргі жағдайы талқыланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банк, Назарбаев Университеті Жоғары мектебі және HAMK қолданбалы ғылымдар университетінің (Хельсинки) фин сарапшыларымен бірлесіп «Педагогикалық білімді нығайту» жобасы қаралды.

 

«Артбілім» және «Музыкалық білім» инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу шеңберінде олардың мазмұнын тұжырымдамалық жаңарту, көркемдік білім беру арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын, өнердегі критериалды бағалау студенттердің, эмоционалдық интеллектін және көшбасшылық қасиеттерін дамыту күтілуде.

 

Кәсіби құзыреттіліктерге негізделген инновациялық білім беру бағдарламаларының дизайны, модульдері мен пәндерін талқылау бойынша жемісті пікірталас өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу