қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамының диссертациялық кеңестер жұмысына қатысуы


2022 жылғы 29 қыркүйек № 142-Ө Бұйрық негізінде «ҚазҰӨУ» РММ «8D01402/6D010600 - Музыкалық білім» бағдарламасы бойынша диссертацияларды PhD (философия докторы) қорғау үшін диссертациялық кеңес (ДК) ашылды.


2022 жылдың 12 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Светлана Балагазова, Қазақ ұлттық өнер университетінің (Астана қ.) жанындағы «6D010600 - Музыкалық білім» диссертациялық кеңесінің бекітілген шешімі бойынша Г. Б. Аргингазинованың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық қорғауы кезінде, диссертациялық кеңестің уақытша құрамының мүшесі ретінде жұмыс атқарды. https://kaznui.kz/

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу