қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2023

Абай университеті студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуы

 

2023 жылғы 30-31 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім және психология кафедрасының ұйымдастыруымен XV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «6В01402 - Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 2 курс (4 ж.) студенттері «Музыка мұғалімінің хормейстерлік даярлығы» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз студенттеріміз Жайна Қалибек 3-ші дәрежелі дипломмен, Елназ Нұрболқызы хормен жұмыс құрылымын құрастыру біліктілігі үшін арнайы дипломмен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу