қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2023

Музыка арқылы мектепмен байланыс

 

2023 жылғы 9 сәуірде республиканың жетекші оқу орындарының бірі - П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжінің қабырғасында «Мұрагер» өнер орталығы ұйымдастырған «Өз елім» II Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының фестиваль-байқауы өтті. Фестиваль-байқау аспаптық жанр, вокал, хореография, дәстүрлі ән, театр өнері сынды түрлі номинациялар бойынша өткізілді. Байқаудың мақсаты - қазақтың халық музыкасын, балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, болашақ жастардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал ету және халық музыкасы мен сөз өнерін кеңінен насихаттау.

 

Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының оқытушылары өздерінің оқытушылық, тьюторлық, эдвайзерлік қызметінен басқа, орта мектеп және қосымша білім беру қабырғасында ағартушылық жұмыстарды белсенді жүргізуде. Олар қосымша уақытта оқушылармен айналысады, өз құзыреттерін дамытады және өскелең жастардың оқу-білім беру әлеуетін кеңейтеді, өнерге, музыкаға деген сүйіспеншілігін насихаттайды.

 

Кафедра профессорының міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Лаура Какимова фортепиано сыныбы бойынша балаларды аспапта ойнау дағдыларына үйретеді, музыкалық қабілеттерін дамытады, оларға эстетикалық талғамды үйретеді, ой-өрісі мен дарынын кеңейтеді, осылайша оларда ХХІ ғасырдың үйлесімді дамыған тұлға үшін іргетене болып табылатын музыкалық мәдениетті қалыптастырады. Оның тәрбиеленушілері - «Virtuose» студиясында білім алған, олар музыканы үлкен ынтамен және шығармашылықпен оқиды. Олар үшін мұндай байқауларға қатысу фортепианода ойнау дағдыларын дамыту, сахнада өнер көрсету мүмкіндігі, бұл эмоциялар мен жеңіске деген ұмтылыс!

 

«Аспаптық жанр» номинациясы бойынша «Өз елім» фестиваль-байқауының: орта жас тобында Jan A.P. Kaczmarek «Goodby» шығармасымен II дәрежелі диплом иегері Мұратбеков Таман (11 жас); кіші жас тобында М.Шмитц музыкасына «Микки-Маус» шығармасымен II дәрежелі диплом иегері Ибраева Аида (10 жас) мен А.Гедикенің «Би» шығармасымен III дәрежелі диплом иегері Файзулла Кәусар (7 жас) марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу