қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2023

Абай университетінің ұстазы Өзбекстанда «Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша дәрістер өткізді

 

2023 жылдың 9-16 сәуір аралығында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының доценті Ибраева Қамарсұлу Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтында (Өзбекстан) «Музыкалық білім» кафедрасының 1-4 курс студенттерге «Музыка тарихы және теориясы», «Аспаптық ансамбль», «Музыкалық тәрбиенің әдістемесі», «Концертмейстер шеберлігі»пәндері бойынша дәрістер өткізді. Сондай-ақ, Қ.Ибраева университеттің профессор-оқытушылар құрамына «Орталық Азиядағы музыка мұғалімін даярлаудағы заманауи трендтер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

 

Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы қазақстандық ғалым ұстазының кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін атап өтіп, оған оқу және ғылыми-әдістемелік үдеріске белсене атсалысқаны үшін алғыс хат, сертификаттар табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу