қазақша · русский · english
 
 
 
13.06.2023

Профессор-оқытушылар құрамының ҚазҰӨУ мен Маңғыстау өнер колледжінің мемлекеттік аттестаттау комиссияларына қатысуы

 

2023 жылғы 28 мамыр - 4 маусым аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Светлана Балагазова «01140200 - Музыкалық білім» колледж және «6В0140200 - Музыкалық білім» бакалавр екі деңгейлі білім беру бағдарламаларына мемлекеттік атесттау комиссиясы төрайымы ретінде шақырылды.

 

Сонымен қатар, 2023 жылдың 5-9 маусым аралығында Маңғыстау өнер колледжі басшылығының шақыруымен «02150100 - Аспаптық орындаушылық және эстрада музыкалық өнері (түрлері бойынша)» білім беру бағдарламасының МАК төрағасы болып жұмыс атқарды.

 

Аталған оқу орындарының басшылары С.Т.Балағазованың музыкалық білім мен өнер саласындағы түлектерді бағалау жұмысының жоғары деңгейін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу