қазақша · русский · english
 
 
 
03.07.2023

Абай университеті профессорларының біліктілікті арттыру курстарындағы дәрістері


2023 жылғы 19 маусым мен 1 шілде аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры Лора Нарикбаева онлайн оқыту режимінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК шақыруы бойынша «Музыка сабақтарында білім алушылардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында жыл сайын өткізілетін республикалық біліктілікті арттыру курстарында музыкалық бағытындағы балалардың қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың бойынша педагогтар мен мамандарға дәрістер оқыды. Профессор Лора Нарикбаеваның дәрістері келесі тақырыптарды кеңінен қамтыды:

- «Музыкалық-компьютерлік технологиялар негізінде заманауи музыканттың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру»;

- «Музыкалық-компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, музыкалық пәндерді оқыту әдістемесі»;

- «Музыкалық білім беруде планшеттік және мобильді технологияларды қолдану».

 

Дәрістер заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың білімін қалыптастыруға, сондай-ақ тыңдаушылардың әртүрлі типтегі музыка сабақтарында (фортепиано, вокал, Музыка теориясы, сольфеджио, музыкалық әдебиет) арнайы музыкалық-компьютерлік бағдарламалар мен мобильді қосымшаларды қолданудың практикалық дағдыларын игеруге бағытталған. Әдістемелік ұсынымдар ретінде оқытушы өзекті интернет-платформаларға, веб-беттерге және музыкалық-компьютерлік оқыту бағдарламаларына арнайы жасалған сілтемелер тізімін берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу