Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | Басты / Факультеттер / Өнер факультеті / Кафедралар / Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы / Жаңалықтар
16.10.2023
Кафедра оқытушыларының ашық сабақтары
2023 жылдың 11 -13 қазаны аралығында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік секциясының бекітілген кестесіне сәйкес студенттермен ашық сабақтар өткізілді.
11 қазанда аға оқытушы Самат Төгелбайұлы «6В11102 - Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Музыкалық сауаттылық» пәні бойынша және қауымдастырылған профессор Ерболат Мұстафаев «Негізгі домбра» пәнінен «6В01402-Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттерімен ашық сабақтарын өткізді. Берілген ашық сабақтардың негізгі мақсаттары музыка туралы іргелі білім беру және домбырада ойнаудың негізгі дағдыларын беру болды.
13 қазанда «Музыканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша «6В01402-Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша 3(4) курс студенттерімен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Лаура Какимова ашық сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Блум таксономиясы. Критериалды бағалау. Қалыптастырушы бағалау» болашақ музыка мұғалімдерін олардың болашақта мектептегі педагогикалық қызметінде маңызды болғандықпен орта білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру сипатында болды. Лектор өзінің кең кәсіби құзыреттіліктерін көрсете отырып, жұмыстың әртүрлі әдістері мен формаларын қолданды. Комиссия ашық сабақтың маңызды факторын атап өтті - еркін атмосфера, ұжымдық жұмыс формасы, ұйымшылдық, студенттерге сабақтың тақырыбын меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беретін шығармашылық көзқарас. Студенттердің алынған білім, білік және дағдылары келесі семестрде өтетін педагогикалық тәжірибеде мектеп оқушыларына музыка сабағын оқыту процесінде бекіте алады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|