қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2023

Ақансері Қорамсаұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

 

2023 жылдың 17 қазанында, Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері, Жамбыл атындағы мемлекттік филармониясында, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының орындауында көркемдік жеткшісі және бас дирижеры Б. Демеуовтың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Балқадиша» ән кешіне қатысты. Сонымен қатар, концертте халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова өнер көрсетті. Концертте Ақансерінің және қазақ халық әндері мен композиторларының әндері шырқалды.

 

Іс-шара барысында, студенттер, композитордың музыкалық шығармашылығымен оның бай поэтикалық және музыкалық мұрасымен танысты. Ақан серінің «Маңмангер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Қараторғай» сынды танымал әндері қазақ халқының жан дүниесінің лиркасын және адамның басты құндылықтарының сырын суреттеп жеткізеді. Концерттік іс-шара мақсаты білімгерлерге қазақтың халық композиторлары мен классиктерінің шығармашылығы арқылы ұлттық мәдениетті таныстыру болып табылды. Аталған іс-шараға студенттерді жұмылдыру идеясын қолға алып ұйымдастырған кафедраның оқытушылары Касимов Н.А., Балагазова С.Т., Момбек А.А.

 

  alt=  




Кері оралу