қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2023

Алматы қаласы мектептері арасында «Менің отаным - Қазақстан» байқауы өтті

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында жоғары оқу орны мен Алматы қаласы мектептерінің бірлесе отырып, 2023 жылдың 28 қазанында қалалық «Менің Отаным - Қазақстан» байқауының 2-ші туры өтті. Бұл іс-шара Республика күнін мерекелеуге арналып, Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы» мен жалпы білім беретін мектептермен бірлесіп ұйымдастырылды. Байқауға мектеп оқушылары «Аспапта ойнау» және «Хор» атты екі номинация бойынша қатысты.

 

Қазылар алқасының төрағасы музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі Жанболат Көшербаев болды. Қазылар алқасының құрамына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы профессор м.а. Лаура Какимова, профессор м.а. Қамарсұлу Ибраева, қауымдастырылған профессор Әлия Момбек, аға оқытушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор, студенттер оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері Самат Мәлімбай, оқытушы, студенттік хор көркемдік жетекшісі Нұржан Касимов, кафедраның доценты Әлия Өмірзақова, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасының әдіскері Светлана Шапкина, № 176 мектеп-гимназияның музыка пәнінің мұғалімі және Алматы қалалық мұғалімдер қауымдастығының төрайымы Жеңіскүл Маханбетова, №81 мектептің музыка пәнінің мұғалімі, «Мұрагер» оркестрінің дирижері, композитор және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1995 жылғы түлегі Сәмен Ізкенов кірді.

 

Музыка пәнінің мұғалімі Гүлнар Нығматуллинаның көркемдік жетекшілігімен Бостандық ауданы №138 мектеп-гимназиясының «Айналайн» хор тобы өте жарқын өнер көрсетті. Балалардың орындауындағы заманауи композитор Ринат Ғайсиннің «Армысың, туған жер» әні қазылар алқасының барлық мүшелерін бей-жай қалдырмай, бұл нөмірді бірауыздан Бас жүлдемен марапаттады.

 

Бұл номинация бойынша бірінші орын екі хорға бұйырды: Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназиясының «Жұлдыздар» хоры (көркемдік жетекшісі Қарлығаш Төлегенова) және Әуезов ауданы атындағы «Жаңа ғасыр №175 мектептің «Шабыт» хоры (көркемдік жетекшісі Гүлзаман Әмірова).

 

Екінші орынды Алмалы ауданындағы №128 мектептің «Болашақ» (көркемдік жетекшісі Сәуле Ибекеева) және Наурызбай ауданындағы №188 гимназияның «Жас қырандар» (көркемдік жетекшісі Бақыт Құрсабаева) хорлары бөлісті.

 

Үшінші орын Алатау ауданы №163 мектеп-лицейінің «Ұландар» хоры (көркемдік жетекшісі Аспира Жолдас), Медеу ауданы №53 мектеп-гимназиясының «Алау» хоры (көркемдік жетекшісі Айнұр Әбдімомынова) және Түрксіб ауданы №170 мектептің «XXI ғасыр көшбасшысы» вокалды-аспаптық ұжымға (көркемдік жетекшісі Марат Оралханов) бұйырды.

 

«Аспапта ойнау» номинациясында оркестрлік ансамбльдер әртүрлі шығармаларда өнер, қазақ, ұйғыр түрлі ұлттық музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Сонымен, Бас жүлде Алатау ауданындағы №180 мектептің «Телқоңыр» ансамбліне (көркемдік жетекшісі Фарида Күзбаева) бұйырды.

 

Бірінші орын Наурызбай ауданындағы №200 гимназияның «Жас толқын» домбырашылар ансамблі (көркемдік жетекшісі Ақмарал Салқынбекова) және Жетісу ауданындағы №110 гимназияның «Кәусар» (көркемдік жетекшісі Жанар Жолымбетова) командаларына бұйырды. Екінші орынға Әуезов ауданы мамандырылған Білім инновация лицейінің «БИЛ» ансамблі (көркемдік жетекшісі Алуа Жүсіпова) мен Алмалы ауданындағы №24 мектеп-лицейдің «Көңіл сазы» ансамблі (көркемдік жетекшісі Айгүл Ахметова) иеленді.

 

Үшінші орынды Бостандық ауданындағы №145 гимназияның «Фараби сазы» (көркемдік жетекшісі Айнагүл Сапах), Түрксіб ауданындағы №89 гимназияның «Ғұнча» (көркемдік жетекшісі Абдурашит Бараев) және Медеу ауданындағы № 33 гимназияның «Дарын» ансамбльдері бөлісті.

 

Байқау қорытындысында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілептің атынан байқаудың белсенділері мен тәлімгерлері Алматы қалалық білім басқармасы директорының м.а. Әсет Мұханбетов, әдіскер Светлана Шапкина, музыка мұғалімдері Жеңіскүл Маханбетова, Сәмен Ізкенов, Айнұр Әбдімомунова және басқа да Алматы қаласындағы музыка мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу