қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Өзбекстан республикасының университеттерінде сабақ өткізді

 

«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институтының қауымдастырылған профессоры Светлана Балагазова, 2023 жылдың 23 қазан мен 4 қараша аралығында Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты мен Ферғана мемлекеттік университеттерінде (Өзбекстан) музыкалық білім беру кафедрасының 1-3 курс студенттерімен «Шетел музыкалық әдебиеті», «Гармоникалық сольфеджио», «Музыкалық білім берудің әдістемесі», «Хорды дирижерлау», «Хор және хортану» пәндері байынша дәріс және практикалық сабақтарды өткізді. Сонымен бірге, С.Т. Балагазова Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Ферғана өңірлік филиалындағы студенттері мен оқытушыларына «Педагог-музыкантты кәсіби даярлаудың заманауи үрдістері» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізіп, «Білім берудегі инновациялар» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына және «Музыканы оқытудағы заманауи білім беру технологияларын интеграциялау» халықаралық дөңгелек үстелінің жұмыстарына белсенді түрде қатысты.

 

Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты, Ферғана мемлекеттік университеті мен Ферғана өңірлік филиалының басшылықтары қазақстандық ғалымның кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтіп, оған оқу және ғылыми-әдістемелік үдеріске белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу