қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2023

Абай университеті профессорының халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы

 

2023 жылдың 14-15 қарашасында Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Нарикбаева Лора Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының бағдарламалық комитетінің тұрақты мүшесі бола отырып, ұйымдастыру комитетінің шақыруымен жыл сайынғы «Дарындылық және шығармашылық психологиясы» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (Мәскеу, Ресей) онлайн форматында қатысып, «Жасанды интеллект және қазіргі заманғы білім» тақырыбында пленарлық баяндама жасады.

 

Дәстүрлі іс-шараның мақсаты - дарындылық пен шығармашылық психологиясы мен педагогикасы саласындағы жетекші мамандардың қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылау, халықаралық ынтымақтастық және бірлескен эксперименттік зерттеулер жүргізу.

 

Конференцияға Ресей, АҚШ, Италия, Болгария, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Якутия, Моңғолия салаларының ғалымдары, практикалық психологтар, түрлі білім беру ұйымдарының педагогтары, аспиранттар, магистранттар қатысты. ММПУ жетекші мамандары шеберлік сабақтар мен тренингтер өткізді. Конференция жұмысының қорытындысы ретінде мақалалардың электрондық жинағын Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексі және elibrary.ru базаларына енгізілген «Известия IPPO» және «Hominum» журналдарында жариялау ұсынылды, сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу