қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2023

Ішкі академиялық ұтқырлық аясындағы профессор Л.Нарикбаеваның онлайн курсы

 

2023 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында университеттер арасындағы профессор-оқытушылар құрамның жыл сайынғы ішкі академиялық ұтқырлығы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Лора Нарикбаева, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің «6В01430-Музыкалық білім» білім беру бағдарламаның студенттеріне «Музыкалық білім берудегі цифрлық технологиялары» курсы бойынша онлайн дәрістер оқыды.

 

Бұл курстың мақсаты - болашақ музыка пәні мұғалімдерін заманауи музыка мен цифрлық технологиялардың теориясы мен практикасы бойынша даярлау сапасын арттыру, оларды кәсіби қызметте пайдалану бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Дәрістер барысында профессор негізгі классификациясы негізінде музыкалық білім берудегі цифрлық технологиялардың әдістемелік әлеуетімен таныстырып, студенттермен компьютерлік және мобильді қосымшалардың қазіргі технологияларын меңгеру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді. Курстың ерекшелігі қазіргі жасанды интеллект (AI) бағдарламаларымен және оларды музыкалық педагогикалық қызметте пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу